ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ » Жуалы ауданының білім бөлімі
Білім бөлімі
Ақпарат
26 апрель 2019
1 197
0

ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ
         Жақында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Тараз Арена» спорт кешенінде өткен «Ұлттық мектеп лига-2019» жарысында жуалылықтар жкңіс тұғырынан көрінді.
         Жарыстың мақсаты – Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауында нақтыланған міндеттерді жүзеге асыру. Сондай-ақ, мектеп оқушыларының денсаулығын арттыруға, олардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дене тәрбиесімен бұқаралық спорт жүйесін дамытуға ықпал жасау. Республикалық жарыстарға қатысатын құрама командалар үшін талантты жас спортшылар даярлап, іріктеуге бағытталған жұмыстарды мақсатты түрде жүзеге асыру.
          Жарыста ауданнан қатысқан командаларға аудан әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері А.Сатыбалдиев жетекшілік етті. Додада Шақпақата ауылындағы №4 Қ.Сағындықов атындағы орта мектептің 7-8 сынып ұлдарынан құралған волейбол командасы облыстық «Ұлттық мектеп лига-2019» жарысының жеңімпазы атанып, Республикалық мектеп лигаға жолдама алды. Ал, қыздар арасындағы волейболдан Көлтоған ауылындағы №8 С.Бәйтіков атындағы орта мектептің 7-8 сыныбының қыздар командасы 2 – орын, футболдан Жаңаталап ауылынан Жаңаталап орта мектебінің 9-11 сыныбының қыздар командасы да 2 – орын иеленді.
         Команда жаттықтырушылары Р.Сазанбаев, Н.Дүйсенбекұлы, М.Ахметов, С.Оңғарбай, А.Тұрсынбаев, Б.Ертаев, Б.Найзабеков, Б.Бекбердиев, Б.Ыбырайымов, Н.Жидебековке алғыс айта отырып, алдағы уақытта да жуалылықтардың жеңіс тұғырынан көрінетіне сенім білдіреміз.
Азамат САТЫБАЛДИЕВ,
Аудан әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері


Пікірлеу
Апталық топтама
Қызықты

Олимпиада 7 сынып 10.12.2024

https://drive.google.com/drive/folders/1nEujiHKKfc4nLGo5EMpl0Vgvx8oCTi
10 декабрь

Олимпиада 8 сынып 10.12.2024

https://drive.google.com/drive/folders/1CBDzoNBJRiroW93mtpuuWRx3egK-U_
10 декабрь

9-11 сынып ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТ

https://drive.google.com/drive/folders/1_4WDgdXh1z1qTsmIMDlLHCK8P_aZvv
09 декабрь

9-11 сыныптар аралығындағы жалпы пәндер

https://drive.google.com/drive/folders/1ZQSYIaSqEa4KCubMIehBeyGUBflamR
05 декабрь