Акнар Бақытханқызының апкесі, ардагер ұстаз ҚҰРМАШОВА КҮЛШАЙ ҚҰРМАШҚЫЗЫНЫҢ кәсіптік өмір жолы.
№ 19 Д.ҚОНАЕВ атындағы мектеп-гимназиясының түлегі Акнар Бақытханқызының апкесі, ардагер ұстаз ҚҰРМАШОВА КҮЛШАЙ ҚҰРМАШҚЫЗЫНЫҢ кәсіптік өмір жолы.
1947 жылы Жуалы ауданында дүниеге келген. Көп балалы АНА. “Күміс алқа” иегері. 40 жылға жуық еңбек етті.
Ұстаздық жолын 1964 жылы бастаған:
• 1964 ЖЫЛЫ “Октябрдің 40 жылдығы” атындағы қазақ орта мектебіне “Аға тәлімгер” болып қабылданды;
• 1966 жылы “Төлеген Тоқтаров” атындағы мектепке бастауыш сынып мұғалімі болып ауысты;
• 1969 жылы “А.С.Пушкин” мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып ауысты;
• 1986 жылдан бастап қазіргі №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясына, сол кездегі Н.К.Крупская атындағы орта мектепке бастауыш сынып мұғалімі болып ауысты;
• 1990 жылы аталмыш мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. Осы мектепте зейнет жасына жетіп демалысқа шықты.
• Еңбек жолында бірнеше алғыс хатпен, құрмет грамотасымен, мадақтаулармен еңбегі бағаланған.
Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
Сондықтан да өз ісіне берілген, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
Осындай жолы мен жөні бөлек аяулы ұстаздарымыз – шәкірттерінің мақтанышы ғана емес, бүкіл ел мақтанышы.

19 Д.Қонаев атындағы мектеп гимназиясының Доғдырбековтар отбасының "менің отбасым шығармашылық және өнер әлемінде" бейнебаяны
Ақпарат
Мұғалімдердің оқу үдерісін басқару құзіреттілігін арттыру, табысты білімге қол жеткізу» тақырыбында серіктес мектептер арасында аудандық семинар өтті.
Ақпарат
«Жаңартылған білім мазмұны аясында әдіс алмасу» атты семинар-практикумы өтілді.
Ақпарат
«Келешекке кемел біліммен» тамыз мәслихатының секциялы отырысы
Әлеумет және тәрбие жұмыстары
Мектеп сайттары
Орта білім беру мекемелері