Жалпы орта білім беретін мектептер арасында «IT-BALAQAI» атты аудандық І-ші ІТ технологиялар фестивалі өтті. » Жуалы ауданының білім бөлімі
Білім бөлімі
Ақпарат
10 февраль 2020
859
0

Жалпы орта білім беретін мектептер арасында «IT-BALAQAI» атты аудандық І-ші ІТ технологиялар фестивалі өтті.

XXI-ғасыр техниканың даму ғасыры болғандықтан, компьютерлер мен роботтардың адам өмірінде алатын орны өте зор. ХХІ ғасыр -робототехниканың заманы. Экономикамызды ілгерілету, робототехника және инновациялық технологиялардың оқушыларда шығармашылық белсенділігін дамыту мақсатында бүгін Жуалы ауданы әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен «IT-BALAQAI» атты аудандық І-ші ІТ технологиялар фестивалі өтті. Фестивальға ауданымыздың робототехника кабинетімен жабдықталған 23 мектебінен 100 бала қатысуға өтініш білдірген. Іс-шараны ашып беру үшін алғашқы сөз Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысының м.а. Г.Сыпатаеваға, Тараз қаласындағы «Benediximus» компаниясының директоры А.Абдешовке беріліп, қатысушыларға сәттілік тіледі.Ереже бойынша фестиваль 4 кезееңнен тұрды: «Сызық бойымен» кезеңінде кіші топтар арасында 1 орынды №4 Қ.Сағындықов орта мектебі, 2 орынды №1 мектеп-гимназиясы, 3 орынды №9 Абай орта мектебі, үлкен топтар арасында 1 орынды №1 мектеп-гимназиясы, 2 орынды №5 М.Ломоносов орта мектебі, 3 орынды №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының қатысушылары иеленді. «Кегельринг» кезеңі бойынша 1 орынды №3 Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебі, 2 орынды №1 мектеп-гимназиясы, 3 орынды «Robotech» орталығының қатысушылары иеленді. «Робосуммо» кезеңі бойынша 1 орынды №3 Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебі, 2 орынды №7 Т.Әкімов атындағы орта мектебі, 3 орынды №14 Б.Майлин атындағы орта мектебінің командалары иеленді. «Шығармашылық» кезеңдері бойынша 1 орынды №13 А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі, 2 орынды №15 мектеп-лицейі, 3 орынды №2 Мыңбұлақ орта мектебінің қатысушылары иеленді. Сондай-ақ «Командалық есеп» бойынша 1 орын №1 мектеп-гимназиясының, 2 орынды №3 Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінің, 3 орынды №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының командалары иеленді. Әр кезең бойынша және «Командалық есеп» бойынша жарыс соңында Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері Керимбаева Роза Дарханбековна фестивальдің жоғары деңгейде өткендігін айтып, жеңімпаздарды білім бөлімінің I,II,III дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ «Benediximus» компаниясының демеушілігімен жүлделі орындарға иеленген командаларға Тараз қаласы Taraz Hub IT орталығына 3 күндік сапарға шақырту алды және де ЖК «Robotech» директоры О.Тұрғынның курсына 1 күндік тегін шеберлік сыныпқа қатысуға сертификаттар тапсырылды. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Пікірлеу
Апталық топтама
Қызықты

Олимпиада 7 сынып 10.12.2024

https://drive.google.com/drive/folders/1nEujiHKKfc4nLGo5EMpl0Vgvx8oCTi
10 декабрь

Олимпиада 8 сынып 10.12.2024

https://drive.google.com/drive/folders/1CBDzoNBJRiroW93mtpuuWRx3egK-U_
10 декабрь

9-11 сынып ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТ

https://drive.google.com/drive/folders/1_4WDgdXh1z1qTsmIMDlLHCK8P_aZvv
09 декабрь

9-11 сыныптар аралығындағы жалпы пәндер

https://drive.google.com/drive/folders/1ZQSYIaSqEa4KCubMIehBeyGUBflamR
05 декабрь